Бүгін, 10 сәуір күні Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер басталды. Бұл туралы,-деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Ақтық сынға шыққан алғашқы спортшылардың бірі — қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үндістандық Сачин Сачинмен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Жекпе-жектің алғашқы раундында басымдық қарсылас тарапта болды. Үндістандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен алға шыққан. Алайда екінші раундта Оразбек Асылқұлов қарқынын үдетіп, таразы басын теңестірді — бұл кезең 3:2 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.
Шешуші үшінші раундта отандасымыз белсенді қимылдап, нақты соққыларымен көзге түсті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті 3:2 есебімен Оразбек Асылқұлов-қа берді.
Осылайша қазақстандық боксшы Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алып, ел қоржынына тағы бір жеңіс сыйлады.