Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегін британиялық Дензел Бентлимен өткізеді,-деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Бұл мүмкіндік Бентлидің венесуэлалық Эндри Сааведраға қарсы кездесуінен кейін белгілі болды. Лондонда өткен айқаста британиялық боксшы жетінші раундта қарсыласынан басым түсіп, төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.
Осы жеңістің нәтижесінде Дензел Бентли WBO тұжырымы бойынша орта салмақта уақытша чемпион атанып, енді Әлімханұлымен рингке шығуға мүмкіндік алды.
Еске салайық, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты уақытша шеттетілген еді. 2025 жылдың 2 желтоқсанында өткен VADA тексерісінде оның ағзасынан тыйым салынған зат табылған. Осыдан кейін WBO ұйымы боксшыны 2026 жылдың соңына дейін кәсіпқой рингтен шеттету туралы шешім шығарды.
Соған қарамастан, қазақстандық спортшы IBF белбеуінен айырылғанымен, WBO нұсқасы бойынша чемпиондық атағын сақтап қалды.