Жеңіл салмақта өткен айқас тартысты өрбіді. Дегенмен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан қырғыз спортшысына берді.
Қазіргі таңда Еркебұлан Тоқтардың аралас жекпе-жектегі кәсіби рекорды — 11 жеңіс, 3 жеңіліс. Ол соңғы рет ММА ережесімен 2025 жылдың тамыз айында октагонға шығып, ирандық Фарзад Гадериді екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
Ал Марсель Нұрланбекұлы ММА-да әлі жеңіліп көрмеген спортшы саналады. Оның еншісінде 14 жеңіс бар. Соңғы кездесуін 2024 жылдың тамызында өткізіп, өзбекстандық Фарход Эргишбаевты нокаутпен ұтқан.
Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар бұған дейінгі жекпе-жегін 28 желтоқсанда Ташкентте өткізіп, жергілікті файтер Тимур Никулинді бірінші раундта нокаутқа түсірген еді. Бұл кездесу де бокс ережесі бойынша ұйымдастырылған.