Кездесу тартысты өтіп, үш сетке созылды. Шевченко алғашқы сетте тай-брейкте есе жібергенімен, келесі екі партияда тізгінді өз қолына алып, 6:7 (3), 7:6 (3), 6:3 есебімен жеңіске жетті. Матчтың жалпы ұзақтығы 2 сағат 25 минутты құрады.
Жарыстың келесі кезеңінде қазақстандық теннисші әлемнің 34-ракеткасы, француз Уго Умбермен кездеседі.
Айта кетейік, Шевченко турнирді бірінші айналымнан бастап, италиялық Маттео Арнальдиді де тартысты ойында ұтқан болатын. Ол кездесуде де үш сет ойналып, 7:6 (7:5), 6:7 (5:7), 6:2 есебі тіркелген.
25 жастағы Александр Шевченко 2000 жылдың 29 қарашасында дүниеге келген. 2024 жылдан бері Қазақстан атынан сынға түсіп жүр. Сол жылы ол әлемдік рейтингте үздік нәтижесіне қол жеткізіп, топ-45 қатарына енген. Бұған дейін Australian Open турнирінде екінші айналымға дейін жетіп, жеке рекордын жаңартқан еді.