Президент еліміздің ғылыми және академиялық қауымдастығына қарата сөз сөйлеп, Қазақстанның болашағы тікелей осы сала өкілдерінің еңбегіне байланысты екенін айтты. Оның сөзінше, елдің қаншалықты жаңашыл әрі озық мемлекетке айналуы ғалымдардың идеялары мен зерттеу нәтижелеріне, сондай-ақ жаңа жаңалықтарға тікелей тәуелді.
Мемлекет басшысы бұл бағытта барша күшті біріктірудің маңызын атап өтіп, Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі жетекші ғылыми және технологиялық орталықтардың біріне айналдыруға мүмкіндік бар екеніне сенім білдірді.