«ЕГЕР СІЗ БІР НӘРСЕДЕН НЕМЕСЕ БІРЕУДЕН ҚОРҚАТЫН БОЛСАҢЫЗ, МАҒАН ХАТ ЖАЗЫҢЫЗ, БАРЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ӨЗ МОЙНЫМА АЛАМЫН» — ПРЕЗИДЕНТ ТОҚАЕВ
Президент елде шешімдердің баяу қабылдану себебін ашық айтты: мәселе идеяның жоқтығында емес, жеке жауапкершіліктен қорқуда. Көпшілік рұқсат пен «саяси қалқанды» күтеді.
Тоқаев бұл жауапкершілікті өзіне алуға дайын екенін көрсетті. Осы тұрғыда ол Салық кодексі қасиетті құжат емес, қажет болса, оны өзгертуге болатынын да атап өтті.