Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындылары жарияланды. Дауыс беру нәтижесі бойынша бес партия 5 пайыздық межеден өтті, - деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, елімізде дауыс беру құқығына ие 12 623 289 азаматтың 9 351 539-дан астамы сайлауға қатысты. Бұл сайлаушылардың 74,08 пайызына тең.
Алдын ала мәлімет бойынша, ең көп дауыс «Әділет» партиясына берілген. Оны сайлаушылардың 71,17 пайызы қолдаған. Екінші орында – «Ауыл» партиясы. Оның үлесіне 6,26 пайыз дауыс тиген.
Сондай-ақ Respublica партиясы 5,56 пайыз, «Ақ жол» партиясы 5,21 пайыз, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 5,11 пайыз дауыс жинаған.
Ал Қазақстанның Халық партиясы 3,11 пайыз, «Байтақ» жасылдар партиясы 1,07 пайыз дауыс алған.
Бюллетеньдегі «Барлығына қарсымын» деген нұсқаны сайлаушылардың 2,51 пайызы таңдаған.
Айта кетейік, бұл – Құрылтай депутаттарын сайлаудың әзірге жарияланған алдын ала нәтижелері.