Алматы облысындағы Көлсай көлі маңында автобусқа қатысты оқиға тіркелді. Көлік тұрған орнынан жылжып кетіп, төмен қарай кеткен, ,-деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға сәтінде автобустың ішінде адамдар болмаған. Бұл жағдайдың ауыр салдарға ұласпауына себеп болған.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көлік иесі полицияға шағым түсірмейтінін айтып, ешқандай талап-арызы жоқ екенін жеткізген.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр. Полиция таулы аймақтарда көлікті тұраққа қою және пайдалану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салды.