Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңнамалық өзгерістерді көздейтін жаңа заңға қол қойды.
Ақорданың хабарлауынша, Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды бекітті.
Құжат әкімшілік әділет жүйесін жетілдіруге, норма шығару үдерісін нақтылауға және заң көмегін көрсету тетіктерін жақсартуға бағытталған.