«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының лауазымды тұлғалары ақша үшін құнды орман учаскелеріне заңсыз қолжетімділік беріп, ағаштарды жаппай кесу мен сатуға жағдай жасады деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, күдіктілер ормандағы ағаштарды заңсыз кесіп, оларды сатуды ұйымдастырған. Тергеу нұсқасы бойынша, лауазымды тұлғалар ақшалай сыйақы үшін орманның ең өтімді учаскелеріне кедергісіз кіруге мүмкіндік берген.
Тінту кезінде бухгалтерлік құжаттар, ағаш кесуге арналған орман орамдары, ақша қаражатын бөлуге қатысты қолмен жазылған жазбалар және басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленген.
Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.