Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметіне қайта тағайындалды, -деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Ержан Сәденов бұған дейін де Ішкі істер министрлігін басқарған. Оның қайта тағайындалуы Құрылтай отырысынан кейінгі кадрлық өзгерістер кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр.
Сәденов ішкі істер органдарында ұзақ жыл қызмет атқарып, құқық қорғау саласында мол тәжірибе жинаған. Министр ретінде жұмыс істеген уақытында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және полиция қызметін жетілдіру бағыттарына басымдық берілді.