Синоптиктер 15 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталатынын ескертті. Кей қалаларда ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі, — деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
«Қазгидромет» мәліметінше, Астанада күндіз ауа температурасы +35...+39 градусқа дейін ысиды. Қалада найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Сонымен қатар жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда күндіз +35...+37 градус ыстық болады. Мұнда да жоғары өрт қаупі күтіледі.
Шымкентте ауа температурасы +40...+42 градусқа дейін жетеді. Синоптиктер өңірде жоғары өрт қаупі сақталатынын ескертті.
Мамандардың болжамынша, еліміздің кейбір өңірлерінде найзағай ойнап, қатты жел тұрып, шаңды дауыл соғуы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ жаууы да ықтимал.