«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов қызметінен кетті, — деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Компания басшысының өкілеттігін тоқтату туралы шешімді «Қазақстан темір жолы» АҚ акционері – «Самұрық-Қазына» қоры қабылдаған. Қордың жалғыз акционері – Қазақстан үкіметі.
«Жалғыз акционердің шешімімен «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды», – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта ұлттық теміржол компаниясының жаңа басшысы кім болатыны әзірге жарияланған жоқ.
Айта кетейік, Талғат Алдыбергенов бұл қызметке 2025 жылдың шілде айында тағайындалған болатын.