Блогер оқырмандарына арнаған бейнеүндеуінде жақында Қазақстанға барып қайтқанын, ал қазір Вьетнамның Нячанг қаласында жүргенін айтты. Оның сөзінше, өзіне қатысты сот шешімі де, қамауға алу шарасы да болмаған.
«Сот та, қамау да болған жоқ. Тек көші-қон қызметі паспортымды алып қойды. Барлығы жақсы болсын деп тілек тілеп қойыңыздар. Осыны айтқым келді. Жақсы күндерде жолыққанша», – деді Қайсар Қамза.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Қайсар Қамзаның ұсталғанын хабарлаған еді. Ведомство мәліметінше, ол Вьетнамның Камрань қаласында Интерпол желісі арқылы қолға түскен.
Құзырлы органның дерегіне сәйкес, блогер заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген.