Туыстары егде жастағы әйелді кремациялауға дайындап жатқан сәтте, күтпеген жерден тірілген.
Оқиға Үндістанда 13 қаңтарда Махараштра штатында болған. 103 жастағы Гангабаи Сахарені қозғалысы мен тынысы тоқтағаннан кейін қайтыс болдыға санаған.
Әйелді жерлеу рәсіміне дайындай бастаған: дәстүрге сай келесі күні оған жаңа ақ сари кигізіліп, мұрнына мақта тығылған, аяқ-қолдары байланған. Алайда көп ұзамай марқұмның жиені аяғының саусақтарының қимылдай бастағанын байқайды. Мақтаны алып тастаған кезде әйел терең тыныс алған. Сөйтіп қайғы бір сәтте қуанышқа айналды. Қарияның қайтыс болды деген күні туған күні болған екен.