Украинаға соғыс кезінде президенттік сайлау өткізу керек пе? Осы сұраққа Киев қаласының тұрғындары Reuters агенттігінің тілшілеріне пікір білдірді.
Сұралғандардың көпшілігі әскери жағдай кезінде сайлау өткізуге болмайды деп есептейді. Олардың айтуынша, қазір елдің қауіпсіздігі, армияны қолдау және ішкі тұрақтылықты сақтау басты басымдық болып отыр.