Иран Қарулы күштері америкалық әскерилерге қарсы зымыранмен соққы жасағанын мәлімдеді, ,-деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының мәліметінше, бұл әрекет ирандық мұнай танкеріне жасалған шабуылға жауап ретінде жүзеге асқан. Ресми Тегеран АҚШ күштерін Джаск порты маңында агрессия жасады деп айыптап отыр.
Тараптардың мәлімдеуінше, Иран мен АҚШ арасындағы атысты тоқтату режимі әлі аяқталған жоқ. Алайда Иран тарапы келісімді алғаш болып америкалықтар бұзды деген ұстанымда.
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы таратқан ақпаратқа сәйкес, операция кезінде баллистикалық және қанатты зымырандар, сондай-ақ жарылғыш құрылғылар орнатылған дрондар қолданылған. Мәлімдемеде Ормуз бұғазы маңындағы америкалық әскери кемелер нысанаға алынғаны айтылды.
Ал америкалық Fox News телеарнасы жоғары лауазымды шенеунікке сілтеме жасап, АҚШ қарулы күштері Парсы шығанағындағы Бендер-Аббас қаласына қарасты Кешм портына соққы жасағанын хабарлады.
АҚШ тарапы бұл жағдайды жаңа соғыстың басталуы деп бағаламайтынын және атысты тоқтату режимінің толық бұзылмағанын мәлімдеді.