Meta Platforms, TikTok және YouTube компаниялары жастардың психикалық денсаулығына зиян келтірді деген айыппен сотқа тартылып жатыр. Іс әлеуметтік желілердің жасөспірімдерді тәуелді ету үшін әдейі әзірленген-әзірленбегенін анықтауға бағытталған.
Лос-Анджелес округінің Жоғары сотында қаралып жатқан іс 19 жастағы KGM есімді әйелдің арызына негізделген. Ол әлеуметтік желілерге тәуелді болғанын, платформалардың дизайны оның депрессиясы мен суицидтік ойларын күшейткенін мәлімдеді.
Сот компаниялардың психикалық денсаулыққа зиян келтірген өнімдерді ұсыну арқылы немқұрайдылық танытқанын және әлеуметтік желілердің KGM жағдайына әсерін бағалауы тиіс.
Осы уақытта компаниялар жасөспірімдер үшін қауіпсіздік шараларын күшейтіп, ата-аналарға арналған бақылау құралдарын насихаттауда.
Бұған дейін Аустралияда жасөспірімдерге тиесілі 5 млн әлеуметтік желі аккаунты өшірілгені хабарланған.