Атырауда өтетін Batyr Fighting Championship турнирі қарсаңында ММА спортшысы Қуат Хамитовқа айыппұл салынды, ,-деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты тексеру жүргізілген. Нәтижесінде бірнеше адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Атап айтқанда, 24 және 22 жастағы жолаушылар қауіпсіздік белдігін тақпай, қозғалыс кезінде көліктен сыртқа шыққаны үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ 20 жастағы жүргізушіге қатысты да тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Бұдан бөлек, Mustang көлігін басқарған 38 жастағы жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Полиция аталған оқиғаға қатысы бар барлық азаматтарға қатысты әкімшілік материалдар рәсімделгенін мәлімдеді.