Алматыда өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырған ер адам көшеде қыздың жолын бөгеп, қорқытуға әрекет жасаған, ,-деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Қала тұрғынының айтуынша, оқиға таңғы сағат 06:15 шамасында Наурызбай батыр мен Тимирязев көшелерінің қиылысында болған. Ол сол сәтте таңғы жаттығудан үйіне қайтып келе жатқан.
Әйелдің сөзінше, мас күйде болған белгісіз ер адам алдынан шығып, тротуармен өтуіне кедергі келтірген. Сондай-ақ ол өзінде ҰҚК куәлігі барын көрсетіп, қысым жасауға тырысқан.
Қазір таңда бұл жайтқа қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр. Әзірге ер адамның расымен мемлекеттік органдармен байланысы бар-жоғы ресми түрде нақтыланбады.