Бұл шешім балалардың денсаулығын қорғау мақсатында қабылданған. Санитарлық талаптарға сәйкес, білім беру ұйымдарында сырттан әкелінген тағамдардың қауіпсіздігіне толық кепілдік беру мүмкін емес. Мамандар мұндай жағдайда тағамның қалай дайындалғаны, қалай сақталғаны және оның сапасы қатаң бақылаудан тыс қалуы мүмкін екенін айтады.
Осыған байланысты биыл санитарлық-эпидемиологиялық талаптар күшейтіліп, жаппай дастархан ұйымдастыруға шектеу қойылды. Алайда мерекенің мазмұндық бөлігі сақталады. Яғни, мектептер мен балабақшаларда Наурызға арналған мәдени-танымдық іс-шаралар өткізуге рұқсат берілген.
Мамандар ата-аналар мен ұстаздарды белгіленген талаптарды сақтауға шақырады. Бұл шектеулердің басты мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мерекелік күндері түрлі тәуекелдердің алдын алу.