Геннадий Головкин Таиландтағы Қазақстан Елшілігі жанынан ашылған №453 референдум учаскесіне келіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесіне қатысты республикалық референдумда дауыс берді, – деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Қазіргі уақытта ол Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing Futures Cup 2026 халықаралық турниріне қатысып жатыр.
Белгілі спорт қайраткері азаматтардың ел үшін маңызды шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуы аса маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, республикалық референдум мемлекеттің алдағы дамуы мен нығаюында ерекше рөл атқарады.