Орталық референдум комиссиясы сайлаушылардың үйлеріне бюллетеньдер алдын ала жеткізіліп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров қауесеттердің жалған екенін нақтылап, Мәдениет және ақпарат министрлігінің тез арада шара қолданғанын құптады.
Әбдіровтің айтуынша, бюллетеньдер — қатаң есепке алынатын құжат. Әрқайсысына жеке реттік нөмір беріледі, баспаханадан шығарыла салысымен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Осылайша, полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен аумақтық сайлау комиссияларына жеткізіледі.
Сайлау күніне үш күн қалғанда бюллетеньдер сайлау учаскелеріне заң талаптарына сай жеткізіліп, сол аралықта полиция бақылауында болады. «Сондықтан алдын ала таратылады деген қауесет дұрыс емес әрі қауіпті», — деді Әбдіров.