Алматыда Adem сауда орталығының жанында орналасқан қойма өртеніп, қала тұрғындарын алаңдатты, – деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы. Куәгерлер қалың қара түтінді көргенін айтады.
Төтенше жағдайлар қызметіне хабарлама сағат 08:45 шамасында түскен. Өрт сөндірушілер жоғары дәрежелі шақыру бойынша дереу оқиға орнына аттанған. Құтқарушылар қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, өртті бақылауға алған.
Өрттің жалын аумағы шамамен 200 шаршы метрді құраған. Сағат 09:18-де өрт толықтай сөндірілді. Қызметкерлердің айтуынша, ешкім зардап шекпеген, қоймадағы шығындар әлі есептелуде.