Алматыдағы №199 гимназияда бірнеше оқушы уланып, ауруханаға жеткізілді. Балалар мәдени іс шара өткізіп жатқанда, сахнадағы түтін генераторын іске қосады. Бірақ сол түтіннен оқушылар тоқтамай жөтеліп, көзінен жас ағады.
Мектеп дәрігерлері балаларды тексеріп, жедел жәрдем шақырған. 12 жастағы 6 жеткіншек Алматы қаласының балаларға арналған жедел медициналық көмек орталығына жеткізіліпті.
Ақ халаттылардың айтуынша, оқушылардан «құрғақ тұманнан» улану белгілері анықталып, токсикология бөлімшесіне жатқызылған. Балалар қазір дәрігерлердің бақылауында.
Осыдан кейін мектепті тексеріп, генераторды пайдалануға берген педагогты жауапкершілікке тартты.