Алматы полициясы заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен бірнеше адамды ұстады.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер үй-жайға заңсыз кіріп, иелеріне күш көрсетіп, өз талаптарын орындауға тырысқан. Сондай-ақ, олар сыртқы бейнесі атыс қаруына ұқсас затты пайдаланған.
— «Бұл жайт азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірді. Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде барлық қатысушылар ұсталды. Қауіп төндіретін заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады полиция.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда интернет-алаяқтыққа қатысы бар 10-нан астам адам ұсталған.