10 тамыз – Абай күніне орай Қазақстанның Мемлекеттік Туы Іле Алатауының биік шыңдарында желбіреді. Осы күні «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушісі, күрд этносының 12 жастағы өкілі Ева Сүлейман бірден екі күрделі шыңға көтерілді,-деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Жас альпинист биіктігі 3965 метр болатын Турист шыңын және 3970 метрлік Тұран шыңын бағындырды.
Бұл Ева Сүлейманның алғашқы жетістігі емес. Бүгінде оның қоржынында 12 сәтті көтерілім бар. Әрбір биіктікті бағындыру үшін тұрақты жаттығу, тәртіп, төзімділік пен батылдық қажет.
Еваның таудағы жолсерігі – кәсіби гид Павел Пронин. Оның жетекшілігімен жас альпинист жаңа бағыттарды меңгеріп, биік шыңдарға көтеріліп келеді.
Алдағы сапарлары сәтті өтіп, Ева бұдан да биік белестерді бағындыра берсін!