10-20 тамыз аралығында Достық үйінде Шеберлер клубының мүшелері мен облыстық «Өшпес мұра» қауымдастығының шеберлері бас қосып, ұлттық қолөнерге арналған шеберлік сағаттарын өткізді, деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Кездесулердің негізгі мақсаты – ұлттық қолөнерді дәріптеу, халқымыздың мәдени мұрасын насихаттау және шеберлер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Шеберлік сағаттары барысында қатысушылар жүннен бас киім, жол сөмкесі мен камзол жасаудың әдіс-тәсілдерін үйренді. Сондай-ақ дәстүрлі қолөнерді заманауи үлгіде дамыту жолдарымен танысып, тәжірибелі шеберлермен пікір алмасты.
Мұндай кездесулер ұлттық өнерге қызығушылықты арттырып, дәстүр сабақтастығын сақтауға және қолөнер шеберлері арасындағы шығармашылық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.