Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және қоғам пікіріне сүйенетін тиімді тетіктерді қалыптастыруға бағытталған. Осы өзгерістердің маңызды кезеңдерінің бірі – 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы, -деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Бүгінде кез келген бастаманың нәтижесі қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімге байланысты. Сол себепті ашықтықты сақтау, халықтың пікірін ескеру және түрлі әлеуметтік топтардың ұсыныстарын назардан тыс қалдырмау мемлекеттік саясаттың маңызды бағытына айналып отыр. Мұндай ұстаным қабылданатын шешімдердің сапасын арттырып, қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.
Бұл бағытта қоғамдық кеңестердің де атқарып отырған рөлі ерекше. Олар мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді ашық талқылауға және халықтың ұсыныс-пікірін жеткізуге мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық алаң саналады.
Құрылтайдың жаңа форматтағы жұмысы қоғамдық қатысуды кеңейтуге, заң шығару қызметінің тиімділігін арттыруға және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге жол ашады. Бұл қоғам сұранысына сай шешімдер қабылдауға және елдің тұрақты дамуына берік негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қоғамдық келісім, өзара сенім мен жауапкершілік – тұрақты дамудың басты кепілі. Сондықтан саяси жаңғырулар елдің ұзақ мерзімді дамуына қызмет ететін маңызды бастамалардың бірі болып қала береді.