23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтеді. Бұл – Жаңа Конституциядан кейін қолға алынған саяси өзгерістердің жалғасы әрі елдегі мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам, -деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Құрылтай – халықтың еркін білдіретін жоғары өкілді орган. Оның негізгі міндеті – ел дамуына қажетті заңдарды қабылдап, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқықтық негіз қалыптастыру. Сондықтан Құрылтай құрамына кімдердің сайланатыны қабылданатын заңдардың сапасына және мемлекеттің алдағы бағытына тікелей ықпал етеді.
Қоғамда саяси белсенділік артып келеді. Азаматтардың ел өміріндегі маңызды шешімдерге араласуы – демократиялық қоғамның басты белгілерінің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, 23 тамыздағы сайлау әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, елдің болашағына үлес қосуына мүмкіндік береді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының басты міндеті – сайлау туралы нақты әрі шынайы ақпаратты халыққа уақтылы жеткізу. Ашық ақпарат азаматтардың саналы таңдау жасауына жол ашып, қоғамдағы сенімді нығайтуға ықпал етеді.
Құрылтайдың тиімді жұмысы заң үстемдігін күшейтуге, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға және қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын орнықтыруға бағытталған. Сондықтан бұл сайлау тек депутаттарды таңдау ғана емес, елдің ертеңіне әсер ететін маңызды саяси науқан.
Әрбір дауыс – Қазақстанның болашағына қосылған үлес. Сол себепті 23 тамыздағы Құрылтай депутаттарының сайлауына белсенді қатысып, азаматтық ұстанымды білдіру – әрбір қазақстандықтың ортақ жауапкершілігі.