Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елордада кең көлемді көгалдандыру жұмыстары қолға алынды. Соның аясында Астанада жаңа “Самал” саябағы салынып, қала аумағын жасылдандыру бағытында бірқатар жоба жүзеге асырылмақ ,-деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Жоспарға сәйкес, биыл қаладағы 173 аумақ жаңартылып, 1,1 миллионнан астам ағаш пен түрлі жасыл желек отырғызу көзделіп отыр. Жаңа саябақ тұрғындар үшін қолайлы демалыс орнына айналмақ.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек бұл бастама қаланың экологиялық ахуалын жақсартып, жайлы орта қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.
Ал Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, “Таза Қазақстан” жобасы аясында бүгінге дейін 2 миллион тоннаға жуық қоқыс жиналып, ел аумағында 5,5 миллион түп ағаш отырғызылған.