Қазақстандық оқушылар Колумбияның Букараманга қаласында өткен 56-шы Халықаралық физика олимпиадасында (IPhO-2026) ел тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Ұлттық құраманың бес мүшесі де алтын медаль иеленіп, Қазақстан алғаш рет осындай тарихи жетістікке жетті, -деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Биылғы білім додасына әлемнің 90 елінен 400-ден астам дарынды жас физик қатысты. Олар теориялық және тәжірибелік кезеңдерде бақ сынады. Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Үндістан және Тайвань секілді жетекші елдермен бірге командалық есепте бірінші орынды бөлісті.
Алтын медаль иегерлері:
* Амирбек Азатбеков – Астана қаласындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;
* Роман Черемнов – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
* Нұргүл Егенбергенова – Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
* Ілияс Қазымбек – Астана қаласындағы «Spectrum International School» мектебінің 12-сынып оқушысы;
* Дамир Құрман – Астана қаласындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы.
Ұлттық құраманы жарысқа PhD докторы Самат Мақсұтов пен халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Әлішер Еркебаев дайындады. Соның нәтижесінде қазақстандық оқушылар халықаралық физика олимпиадасында ел тарихындағы тұңғыш бес алтын медальді жеңіп алды