Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing жаңа федерациясының аясында өткен алғашқы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы қарсыластарын шаң қаптырып, 10 медаль иеленді. Оның жетеуі – алтын.
Алтын медаль иегерлері:
• Санжар Ташкенбай (50 кг дейін)
• Махмұд Сабырхан (55 кг дейін)
• Төрехан Сабырхан (70 кг дейін)
• Айбек Оралбай (90 кг жоғары)
• Алуа Балқыбекова (51 кг дейін)
• Аида Әбікеева (65 кг дейін)
• Наталья Богданова (70 кг дейін)
Күміс:
• Назым Қызайбай (48 кг дейін)
Қола:
• Виктория Графеева (60 кг дейін)
• Елдана Тәліпова (80 кг жоғары)
Қазақстан құрамасы басты қарсыластары – Өзбекстан мен Үндістанды артта қалдырып, әлемдік бокстың жаңа көшбасшысы екенін дәлелдеді.
Бұл жеңіс – жай ғана спорттық жетістік емес, қазақ боксының ғаламдық деңгейдегі мызғымас беделінің айғағы.