Австрия астанасы Венада 10 мамыр кешінде халықаралық «Евровидение-2026» ән байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтті, -деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, байқауға қатысушылар ұзындығы 170 метрге созылған көгілдір кілеммен жүріп өтті. Салтанатты шараға келген қонақтар мен өнерпаздарды Вена қаласының бургомистрі Михаэль Людвиг пен байқау ұйымдастырушылары қарсы алған.
Бұл рәсім – байқау аясында барлық қатысушы бір уақытта бас қосатын жалғыз ресми шара саналады.
Айта кетейік, «Евровидение-2026» байқауының жартылай финалдары 12 және 14 мамыр күндері өтеді. Осы кезеңдердің қорытындысы бойынша финалға жолдама алатын қатысушылар анықталады.