Израиль әскері Ливанның оңтүстігінде бірқатар елді мекендерді атқылауды жалғастырып отыр, -деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Артиллериялық соққылар Мадждель-Зун, Сиване, Калавей, Кфар-Шуба, Кунин, Фрун, Гандурийя және Тулин ауылдарына бағытталған. Бұған қоса, Бейяда ауданында тұрған израильдік «Меркава» танкі Мансури елді мекеніне бірнеше рет оқ атқаны туралы ақпарат тарады.
Сондай-ақ Мансури аумағында ұшқышсыз аппарат мотоциклге соққы жасағаны айтылуда. Ал тағы бір дронның Бейрут аспанында төмен биіктікте ұшып жүргені байқалған.