Қарағандыда төрт жасар баланың зәбір көргені анықталды. Мамандардың тергеп тексеру жұмыстары барысында жеткіншекке қатысты қатыгездік фактісі анықталлған. Ал сот оның тұрмысын түбегейлі өзгерту жөнінде шешім қабылдады.
Зардап шеккен жеткіншек, бұрын ажырасқан ерлі-зайыптылардың баласы. Баланың әкесі, кезекті кездесу кезінде оның денесінен көгерген іздерді байқаған.Содан кейін бала балаларды қолдау орталығына зорлық-зомбылық белгілерімен жеткізілген.
Тергеу деректері бойынша, анасы баланың қолын байлап, үйде жалғыз қалдырып кеткен. Ұзаққа созылған жылаған дауысты естіген көршілер кілт саңылауынан баланың байланып, бөлмені шыр айналып жүгіріп жүргенін көріп, дереу жедел жәрдем шақырған.
Оқиғадан кейін әкесі ұлын өз үйіне алып кетті, Онда оны атасы мен әжесі өз қамқорлығына алған. Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баланың денсаулық жағдайы анасының қарауында болған кезде нашарлағанын анықтады. Сот отырысында бұл тұжырымды теріске шығаратын қандай да бір дәлел ұсынылмаған.
Нәтижесінде, сот әкесінің талаптарын толық қанағаттандырды:
- анасының ата-ана құқығы шектелді;
- бала әкесімен бірге тұратын болды;
- анасына алимент төлеу міндеттелді;
- ал әкесі бұрынғы алименттік міндеттемелерінен босатылды;
Апелляциялық алқа бастапқы шешімді сол күйі күшінде қалдырды.