Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті Азия чемпионы атануымен құттықтады, — деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Президент өз құттықтауында спортшылардың жоғары шеберлігіне, жеңіске деген қайсарлығына және ел намысын қорғаудағы жанкештілігіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, боксшы қыздардың табандылығы жанкүйерлерді тәнті етті.
Сондай-ақ мемлекет басшысы ұлттық құрама мүшелеріне алдағы ірі додаларда сәттілік тіледі. Әсіресе әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында ел мерейін үстем етуге тілектестік білдірді.