ADCB – Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі банктердің бірі. Оның басты акционері – Абу-Даби үкіметіне тиесілі Mubadala Investment Company. Банк халықаралық рейтингтерде жоғары бағаланған және қаржылық жағдайы тұрақты.
Еншілес банк толықтай ADCB бақылауында болады. Жаңа банк барлық банктік қызмет түрлерін ұсынуды жоспарлап отыр және «ислам терезесі» арқылы исламдық қаржыландыру қызметін де дамытады. Бұл Қазақстанда баламалы қаржы өнімдерін кеңейтеді.
Банкке лицензия ішкі инфрақұрылым дайын болған соң беріледі. Агенттік жаңа банктің ашылуы нарықтағы бәсекелестікті арттырып, халық пен бизнес үшін қаржылық қызметтерді қолжетімді ететінін хабарлады.