Алматыда Санжар Боқаев уақытша ұстау изоляторына қамалды — деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Тергеу мәліметінше, күдікті әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастыруға тырысқан. Атап айтқанда, ол кейбір азаматтардың саябақтардағы ағаштарды заңсыз кесуі мен құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы видеолар жариялаған.
Құқық қорғау органдарының мәліметтерінше, Боқаев бұл әрекеттерді ұйымдастырып, төменгі табысты азаматтарға ақшалай сыйақы төлеп, заңсыз қадамдарға итермелеген. Сонымен қатар, күдікті аса ірі көлемде қаржы жымқырған болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Іске қатысты қосымша мәліметтер Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.