Су тасқыны салдарынан кейбір мектептер қашықтан оқыту форматына көшті. Балаларды мектепке апару қауіпті болғандықтан, қала әкімдігі бұл шешімді уақытша енгізді. Ал төтенше жағдайлар қызметі мен коммуналдық қызметкерлер түні бойы суды сорып шығарумен айналысты.
Қала бойынша суды шығару жұмыстарына 250 адам мен 65 техника жұмылдырылды. Олардың қатарында кәріз көліктері мен 20 мотопомпа бар. Қызметкерлер су басқан көшелер мен тұрғын үйлерден суды сорып, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.
Қазіргі уақытта кейбір аудандардағы су әлі толық кетпегенімен, коммуналдық қызметтер жағдайды ретке келтіру үшін жұмысын тоқтатпай жалғастыруда. Метеорологтардың айтуынша, алдағы күндері ауа райы тұрақталады, бұл қаланы су тасқынынан кейін қалпына келтіру жұмыстарын жеңілдетеді.
Тұрғындарға өз үйлерін, автокөліктерін және жеке мүлкін қорғау үшін сақтық шараларын сақтау ұсынылады.