Қазақстанда Республика күніне орай ірі сауда орталықтары мен дүкендерде жеңілдіктер науқаны басталды. Republic Day және Bereke Fest атауымен өтетін акция аясында кейбір тауарларды 50 пайызға дейін арзандатылған бағамен сатып алуға болады, деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Мерекелік науқан 21-27 қазан аралығында жалғасады. Осы кезеңде азық-түлік және өзге де тауарларға жеңілдіктер қарастырылған.
Акцияға Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы бірқатар сауда орталықтары қатысады. Олардың қатарында MEGA Silk Way, Хан Шатыр, MEGA Alma-Ata, MEGA Park, Forum Almaty, Mega Planet және Shymkent Plaza бар.
Сонымен қатар Bereke Fest науқаны аясында Magnum, SMALL, Астықжан және GraMad дүкендерінде де арнайы ұсыныстар жасалады.
Науқанды Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған. Басты мақсат — халыққа қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттырып, ішкі сауда мен отандық өндірушілерді қолдау.
Жеңілдіктерге қатысатын сауда орындарының толық тізімін жергілікті әкімдіктердің ресми сайттарынан білуге болады. Акциялар 27 қазанды қоса алғанға дейін жалғасады.