Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қорлаған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, ,-деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Әлеуметтік желіде Виолетта Паршина есімді қолданушы Threads платформасында Желтоқсанға қатысты жазбалардың астына ар-намысқа тиетін пікірлер қалдырған. Ол қатысушыларды “ақымақ”, “ауылдан келгендер” деп кемсітіп, тағы бір жазбасында ауыр әрі қорлайтын сөздер қолданған.
Полиция департаментінің мәліметінше, аталған жайтқа байланысты іс тіркеліп, күдікті бөлімшеге жеткізілген. Қазір оның әрекетіне қолданыстағы заң аясында құқықтық баға беріліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін желіде қазақстандықтарды балағаттаған алматылық әйел жұмысынан босатылғаны белгілі болды.