Әлеуметтік желілерде полицейлердің блогерлер стилінде түсірілген ерекше бейнеролигі қызу талқыланып жатыр ,-деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Бейнероликте тәртіп сақшылары ақпаратты креативті форматта ұсынып, оны ойын не байқау стилінде жеткізген. Кадрларда қызметкерлер әзіл аралас формат арқылы көрермен назарын аударған.
Сонымен қатар видеода есірткі таратудың салдары мен мұндай әрекеттер үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершілік те ескертіледі. Заңға сәйкес, бап пен істің мән-жайына байланысты жаза 5 жылдан 20 жылға дейін немесе одан да ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру болуы мүмкін.
Әзіл форматында түсірілгеніне қарамастан, роликтің негізгі мақсаты — қоғамға маңызды ескерту жасау.