Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған мектеп оқушыларының оқу мерзімі мен демалыс күндерінің кестесін бекітті. Ведомство мәліметінше, жаңа оқу жылы 2026 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2027 жылдың 25 мамырында аяқталады, - деп хабарлайды «Dalamedia» ақпараттық порталы.
Жаңа оқу жылында оқушылар төрт тоқсан бойы білім алады. Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Осы кезеңнен кейін мектеп оқушылары 2026 жылдың 26 қазаны мен 1 қарашасы аралығында 7 күн демалады. Екінші тоқсан да 8 оқу аптасын қамтиды. Қысқы демалыс кезінде оқушылар 2026 жылдың 28 желтоқсанынан 2027 жылдың 10 қаңтарына дейін тынығады.
Демалыс кестесі
І тоқсан – 8 оқу аптасы
Күзгі демалыс – 2026 жылғы 26 қазан – 1 қараша (7 күн)
ІІ тоқсан – 8 оқу аптасы
Қысқы демалыс – 2026 жылғы 28 желтоқсан – 2027 жылғы 10 қаңтар (14 күн)
І сынып оқушыларының қосымша демалысы – 2027 жылғы 8-14 ақпан (7 күн)
ІІІ тоқсан – 10 оқу аптасы
Көктемгі демалыс – 2027 жылғы 22-28 наурыз (7 күн)
IV тоқсан – 8 оқу аптасы
Оқу жылының аяқталуы – 2027 жылғы 25 мамыр
Министрлік оқу процесін жоспарлау кезінде оқушылардың жас ерекшеліктері мен оқу жүктемесінің көлемі ескерілгенін атап өтті. Сонымен қатар, 9 (10) және 11 (12) сынып түлектері үшін қорытынды аттестаттау мерзімдері де бекітілген.
Қорытынды аттестаттауға қатысты толық ақпарат, сондай-ақ оқу процесін ұйымдастыруға байланысты мәліметтер Оқу-ағарту министрлігінің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.